
Тәуекелді салық төлеушілерге ЭШФ жазып беруді шектеу бойынша пилоттық жобасы туралы.
Мемлекеттік кірістер комитеті адал бәсекелестікті қорғау, жалған мәмілелерді ерте анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ)пайдалана отырып, тәуекелі жоғары салық төлеушілер бойынша ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Бастапқы кезеңде тәуекелді анықтаудың жеделдігіне баса назар аударылды. Осы мақсатты іске асыру зияткерлік талдауды қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың мәліметтерін талдау арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, бұл адал бизнесті бір күндік фирмалармен байланыстан қорғайды, адал салық төлеушілерге айтарлықтай зиян келтіру қаупін азайтады және ұзақ уақыт өткеннен кейін өсімпұлды есептеумен (2-5 жыл) салық төлеу туралы талап қояды.
Комитетте атап өткендей, аналитика тауарсыз мәмілелерді, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің саны бойынша қолда бар мәліметтерді, қандай да бір қызметтерді көрсету мүмкін еместігінің тәуекелдерін анықтайды.
Мысалы, ЭШФ деректері бойынша "А" компаниясы "Б" жеткізушіден трактор сатып алды, бұл ретте осы жеткізушіден трактор тіркеу органдарында тіркелмеген (мемлекеттік нөмірі), сатып алынбаған және импортталмаған. Осылайша, "А" компаниясы өз шығындарын заңсыз ұлғайтты, есептелген ҚҚС асып кетті және жалған құжаттар арқылы қолма-қол алды. Қолма-қол ақшаға, төмен бағамен жеке тұлғалардан трактор сатып алды.
Тағы басқа мысал, "А" компаниясы шығыстарда жұмыстарды орындау үшін қызметкерлері жоқ өнім берушінің жүкті тасымалдау бойынша өзіне көрсетілген қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ тіркеуші органның мәліметтеріне сәйкес көлік құралдары да болмайды. Бұл ретте, жеткізушіде жүк тасымалдау бойынша осы қызметтерді көрсете алатын қосалқы мердігерлердің болмау факторлары ескеріледі. Іс жүзінде, "А" компаниясы жүк тасымалдау жөніндегі жұмыстарды өз күшімен орындады (жалақысы есептелетін штаттық қызметкерлерінің жеткілікті саны бар, сондай - ақ көлік құралдары бар), алайда пайданы төмендету үшін жүк тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша жалған мәмілелер жасалды, - деп хабарлады МКД.
Онда ЭШФ шектеу жөніндегі пилот осындай жалған мәмілелерді жедел анықтауға және адал бизнесті қоршауға бағытталғанын атап өтті.
Хабарламалар жоқ тауарды іс жүзінде сата алмаған немесе жалдамалы жұмыскерлердің болуын талап ететін қызметтерді орындай алмаған тәуекелді өнім берушілердің атына қойылады. Жалған мәмілелер бойынша барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін осы мәмілелерді жарамсыз деп тану бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі күні 6 мың ҚҚС төлеушінің 1 209-на қатысты ЭШФ жазып беруді шектеу жүзеге асырылды, оның ішінде 240-ы бойынша шектеулер алып тасталды, бұл шектеуге әкеп соққан бұзушылықтардың жойылуына байланысты. Тәуекел айналымының сомасы 11,6 млрд. теңгені құрайтын 971 салық төлеуші бойынша ЭШФ жазып беру шектелген.
Бұрын бір күндік фирмаларды анықтау және ЭШФ жазып беруді тиісті шектеу 2021 жылғы 6 айда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үлесін 9,3% - ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Осы салық төлеушілер бойынша ЭШФ жазып беруді шектеумен қатар талап-арыз жұмыстары жүргізілуде, тіркеу тәуекел айналымы 572,1 млн.теңге сомасына жарамсыз деп танылды, қайта тіркеу тәуекел айналымы 1 024,4 млн. теңге сомасына жарамсыз деп танылды.
Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операцияны жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.
Хабарламалар мен хабарламаларды пысықтауға біркелкі тәсіл қолдану үшін Комитет үнемі жетілдіріліп отыратын мәмілелердің жалғандық тәуекелін айқындау тетігімен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Пилоттық жобаны жүргізу барысында "тәуекелді" салық төлеушілер, яғни басшылардың заңды тұлғаға іс жүзінде қатысы болмаған кезде, басшылардың және (немесе құрылтайшылардың) ұйымды тіркеуге (қайта тіркеуге) және қаржы–шаруашылық қызметіне қатыстылығын не қатыспайтындығын анықтау қажеттігі туындайтынын ескеру қажет.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері түсініктемелер мен құжаттарды қарау мерзімдерін бұзған немесе хабарламаларда көрсетілген мәмілелерге қатысты емес артық құжаттарды талап еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде Қарағанда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментына өтініш білдіруді сұрайды.