
Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Салық кодексімен интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң түсінігі берілген.
Тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатқызылады.