Жарияланған күні: 23.06.2020 14:33
Өзгертілген күні: 23.06.2020 14:34

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

     - тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

-        тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

     - тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

          Салық кодексімен интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң түсінігі берілген.

          Тауарлармен электрондық сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер  жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде ​​ тіркеу есебіне қоюға жатқызылады.