Жарияланған күні: 10.10.2025 09:12
Өзгертілген күні: 10.10.2025 09:13

Әзірбайжан Республикасына Қазақстан Республикасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының көлік және логистикалық компанияларының назарына!!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті форс-мажорлық жағдайларды болдырмау мақсатында төмендегіні ақпаратты хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Әзірбайжан Республикасында (бұдан әрі-АЖ) «Жасыл карта» берілмейтін басқа елдерде тіркелген көлік құралдарының иелері үшін шекаралық сақтандыру шарттарын ресімдеуді жеңілдету мақсатында онлайн-платформа іске қосылды www.tpl.az.

Платформа көлік құралдарының иелеріне елге кіргенге дейін қосымша уақыт пен кезекте күтусіз онлайн режимінде сақтандыру шартын ресімдеуге, сондай-ақ төлемді электрондық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Елшілік қазіргі уақытта АР-да шекаралық сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының қызметкерлері мемлекеттік шекараның бақылау-өткізу пункттерінде (бұдан әрі-БӨП) ресімдейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап БӨП-да ресімдеу тоқтатылады және шекаралық сақтандыру шарттарын жасасу алдын ала – онлайн-платформа арқылы ғана мүмкін болады www.tpl.az немесе АР аумағында жұмыс істейтін сақтандыру компанияларына жүгіну арқылы.