Жарияланған күні: 28.07.2021 11:29
Өзгертілген күні: 28.07.2021 11:30

Жұмыс беруші жалақы, табыс салығы және әлеуметтік төлемдерді смартфон арқылы есептегенін қалай тексеруге болады?

 

         Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында қызметкерге 2020 жылдың барлық кезеңдерінде есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауға мүмкіндік беретін "Қызметкердің еңбек ақысы" жаңа сервисі туралы хабарлайды.

Деректерді алу үшін қосымшада электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе SMS парольдің көмегімен тіркелу қажет. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Деректерді қарау үшін "Салық әмияны", "Қызметкердің еңбек ақысы " қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Деректерді жұмыс берушілері жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген кезде салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

Осы " e-Salyq Azamat " мобильді қосымшасын " App Store "немесе" Play Market " - тен тегін жүктеуге болады.