Жарияланған күні: 13.09.2019 10:05
Өзгертілген күні: 13.09.2019 10:06

"Жеке тұлғалардан өсімпұл сомасын есептен шығару ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.07.2019 ж. №1773 бұйрығымен бекітілген

ЖТ қандай берешек сомасын есептен шығаруға жатады?

Есептен шығаруға 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген өсімпұл сомалары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары, төлеу күнін қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін жатады.

Қандай жағдайда өсімпұл алынуы мүмкін?

Өсімпұлды есептен шығару 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, салық төлеуші 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған бересі сомасын толық көлемде төлеген жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады. Бұл ереже салық төлеушілер – жеке тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға, жеке практикамен айналысатын тұлғаға кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырумен байланысты емес салық міндеттемелері бойынша қолданылады.

Жеке тұлға үшін бір жылдан астам есептелген бересі сомасы есептен шығаруға жатады ма?

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есепте тұрған бересі сомасы, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейін көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылуға жатады.

Осы ереже Кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыруға байланысты салық міндеттемелері бойынша дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеушілер – жеке тұлғаларға қолданылады.

Өсімпұлды есептен шығарудың тәртібі қандай?

Дербес шоттарды түгендеу мақсатында Ережеде көзделген шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді іріктеу үшін салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу орны бойынша Мемлекеттік кіріс органы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

Комиссия құрамына лауазымды тұлғалар енгізіледі:

1) заң қызметі;

2) салық төлеушілердің есебі мен дербес шоттарын жүргізуге жауаптылар;

3) салық төлеушілерді тіркеуге жауаптылар;

4) жергілікті салықтар мен өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруге жауаптылар;

5) берешекпен жұмыс істеуге жауаптылар.

Комиссияны төраға басқарады, ол мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе басшының орынбасары болып табылады.

Түгендеу қандай мерзімде жүргізілуі тиіс? Түгендеу 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Комиссия қандай мерзімде шешім шығарады? Мемлекеттік кіріс органы мұндай салық төлеушілер анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бересі сомасы төленген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі – шешім) шығарады. Мемлекеттік кірістер органының шешіміне (Ережеге № 1 қосымша) комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.

Балқаш қаласы бойынша МКБ