Жарияланған күні: 10.02.2025 12:34
Өзгертілген күні: 10.02.2025 12:35

Жолаушылар кедендік декларациясы – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалармен декларациялау кезінде қолданылатын декларация түрі.

 

Жолаушылардың кедендік декларациясын  беру процесін жеңілдету мақсатында қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетімен e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында модуль әзірледі, ол арқылы жеке тұлғалар орналасқан жеріне қарамастан, үйден шықпай-ақ смартфон арқылы жолаушылар кедендік декларациясын бере алады.

 

Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы ЖКД-ны халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберілетін және тасымалдаушылар жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, ақша қаражаттары мен ақша құралдарына беруге болады.

 

ЕАЭО аумағына әкелу кезінде саны мен құны бажсыз әкелу нормасынан асатын тауарлар міндетті декларациялауға жатады. 

 

Жеке пайдалануға арналған тауарлар кедендік баждарды төлемей ЕАЭО-тың кедендік аумағына әкелінетін құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалар, кедендік баждардың бірыңғай ставкалары, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік баждар төленуге жататын жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімімен айқындалады. 

 

Құны 200 еуро баламасынан асатын және (немесе) брутто салмағы 31 кг асатын халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жөнелтiлген жеке пайдалануға арналған тауарларға құн нормасынан асуы бөлiгiнде құнның 15 процентi, бiрақ салмақ нормасынан асатын бөлiгiнде 1 кг салмақ үшiн кемiнде 2 евро мөлшерiнде кеден баж салығы салынады.

 

Жеке тұлғалардың кедендік дакларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысан бойынша декларацияламағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.