Жарияланған күні: 19.04.2022 15:05
Өзгертілген күні: 19.04.2022 15:06

Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

         Салықтөлеушілердің назарына!

                Салық кодексінің 748-бабының 2-тармағына сәйкес Жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептеледі және мыналарды құрайды:

        - осы баптың мөлшерлемелер кестесінің 4-тармағында Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында реттелетін қызметті жүзеге асыру үшін табиғи монополия субъектісіне кейіннен өткізу кезінде шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты суының нақты ысыраптары 0,005 АЕК мөлшерінде белгіленген;

        - осы кестенің 4-жолында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суының, шаруашылық-ауызсуға арналған жерасты судың нақты ысыраптары 1 АЕК мөлшерінде белгіленген.