
Жеңілдетілген декларация режимін қолданатын кәсіпкерлер E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы чек бере алатынын білесіз бе?
Чек беру функциясы бақылау-кассалық машинаға балама болып табылады. Чек беру қызметі қызметтерге, жұмыстарға чек қалыптастыруға, оны алушыға, мысалы, whatsapp арқылы немесе басқа мессенджерлерді пайдалана отырып жіберуге мүмкіндік береді. Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады.
Чек беру модулін пайдалану кәсіпкерлердің белгілі бір санаттарына кассалық аппараттарды сатып алу, ұстау және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.