
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
Салық Кодексінің 558-бабына сәйкес, лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер жыл сайын өзінің орналасқан жері бойынша төлемақы сомасын тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді.
Мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады:
1) ойын бизнесі саласында;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша;
3) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша.
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – АЕК) еселенген және осындай төлемді төлеу күні қолданыста болған мөлшерде айқындалады және мыналарды құрайды:
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін-200 АЕК;
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін әрбір қызмет объектісі үшін:
Ø астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;
Ø аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 60 АЕК;
Ø ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК;
Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының бюджеттік сыныптама коды - 105434 БСК.
Егер есепті салық кезеңінде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензияны тиісті (толық немесе толық емес) пайдалану айларының санына көбейту арқылы айқындалады.
Бұл ретте лицензия алған кезде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.