
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтар Департаментке жүгінген жағдайда олардың құқықтарын іске асыруды толық көлемде қамтамасыз етуде.
Қазіргі кезде Департаментте және оның аумақтық басқармаларында жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау, тіркеу және есепке алу «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабына сәйкес жазбаша өтініштер, өтініш иесі өз бетінше немесе заңмен белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхат бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілі арқылы беріледі. Бұл ретте, өтініш иесіне, өтінішті қабылдау күні мен уақытын, қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсете отырып, талон беріледі.
Сонымен қатар, өтінішті электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Электрондық үкімет порталы арқылы жолдауға болады, бұл жер өтініш иесі өтінішті тіркеу туралы хабарлама алады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі Заңға сәйкес 15 күнтізбелік күнді құрайды, қарастыру үшін басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан қосымша ақпарат алу немесе орнына шығып тексеру жүргізу талап етілген жағдайда өтініш 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, қарастыру мерзімін ұзарту туралы өтініш иесіне үш күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
Орындау мерзімі өткеннен кейін өтініш иесіне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес өтініш тілінде негізді дәлелденген жауап беріледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын үкімет» Концепциясы шеңберінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасауды автоматтандыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» платформасын енгізу жоспарлануда, ол әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға, өтініштерді қарастыру мәртебесін қарауға жол береді, азаматтарды толғандыратын мәселелерді талдауға және жедел шешуге мүмкіндік береді. Осы жүйені енгізу кезінде өтініш иесі кез келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш бере алады.
Департамент 2021 жылғы 5 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 2000 астам өтінішті заңмен белгіленген мерзімде қарастырды.
Департамент басшылығы апта сайын, санитарлық-эпидемиологиялвқ нормаларды сақтай отырып, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Қабылдауға жазылу 41-33-00, 41-09-38 телефондары арқылы жүргізіледі.