Жарияланған күні: 26.06.2019 14:41
Өзгертілген күні: 26.06.2019 14:44

Салық заңнамасының нормаларына сәйкес меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.
Салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмейтін күн жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі болып табылады. 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салық кезеңi болып табылады.
Көлiк құралдарына салықты есептеу уәкілетті органның ұсынған мәліметтеріне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен жүргізіледі.
Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Салық кодексінің 48-бабына сәйкес салық органы талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы. Талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Бар берешектер бойынша ақпаратты алу және салыстыру актісін жүргізу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша салық органына жүгінуіңізге болады.

 

Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы