Жарияланған күні: 28.11.2018 18:20
Өзгертілген күні: 28.11.2018 18:21

      Нұра ауданы бойынша мемлекеттіккірістер басқармасы, жекетұлғалардың 2018 жылғакөліксалығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігіне скертеді.

Жеке тұлғалар салықтөлеуді тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан  «Электрондықсервистар» / «Калькуляторлар»  бөлімінде «Көлі кқұралдары салығы бойынша есеп-қисабы»  сервисі   арқылы 2018 жылдың көлік салығының сомасын есептеуге мүмкіндік қарастырылғанына назарларыңызды аударамыз.

Бұл ретте, еgov.kz  порталында авторизация жасамай және электрондық цифрлық қолтаңбасыз салықтарды электронды түрде төлеуге болатынына назар аударады. Ол үшін, Egov.kz  порталында  «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің  ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматы түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Соныменқатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz и другие) төлеуге болады.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз. Сондай-ақ мемлекеттік кіріс органы заңдарда белгіленген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданады.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алады.

 

Нұра ауданы бойынша МКБ