Жарияланған күні: 15.12.2022 12:47
Өзгертілген күні: 15.12.2022 12:48

Жеке тұлғалардың банкроттығын қолданудың салдары

Банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкротқа тыйым салынады:

1)    мөлшері республикалық бюджет туралы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын қарыздарды алу жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, бес жыл ішінде қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру жөнінде мәмілелер жасауға; 

2)    емдеу жүргізу, жақын туысын емдеуге алып жүру және жақын туысын Қазақстан Республикасынан тыс жерлеуді жүргізу қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, үш жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға тыйым салынады.   

Сондай-ақ, егер азамат рәсімдердің бірін қолданудан үш жыл бұрын мүлікті шығару фактілеріне жол берсе (мысалы, мүлікті төмендетілген бағамен сату арқылы, мүлік өтеусіз негізде берілсе және т.б.), онда мұндай мәмілелер сот тәртібімен жарамсыз деп танылуға жатады және иеліктен шығарылған мүлік банкроттың мүліктік массасына қайтарылуға жатады.

Кейін уәкілетті орган төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін интернет-ресурста орналастырады:

1) соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімі;

2) соттардың тиісті шешімдері өздеріне қатысты заңды күшіне енген азаматтардың тізімі. 

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы сот шешімі жойылған жағдайларда азамат тізімнен шығарылады.

Осы бапта көзделген азаматтардың тізімі тоқсан сайын өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жаңартылады.