Жарияланған күні: 09.07.2021 11:12
Өзгертілген күні: 09.07.2021 11:18

Жеке тұлғалардың 2020 жылғы жер салығы мен мүлік салығын төлеу мерзімі жақындап келеді

 

Құрметті салық төлеушілер!

2020 жылға жер салығын және жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі жақындап келеді, оларды ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеу қажет.

2020 жылы мүлік пен жерге салынатын салықтарды біріктіру жөніндегі норма заңнамалық түрде енгізілді, бұл ретте салық элементтері (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемелер, есептеу мен төлеу тәртібі) өзгеріссіз қалады. Жер учаскелері мен мүлік бойынша салық қолданыстағы тәртіпке сәйкес жеке есептеледі, бірақ бірыңғай төлеммен төленеді - бюджеттік сыныптама коды-104102. Осыған байланысты 2021 жылы 2020 жылғы міндеттемелер бойынша біріктірілген мүлік салығын төлеу көзделген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу қағидаттарын – міндеттілікті, адалдықты, ыңғайлылықты іске асыру үшін "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасын әзірледі.

"Салық әмияны", "Артық төлем", "Алдағы төлемдер", "Бюджетпен есеп айырысу" сервистерінің және "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының көмегімен тіркелген салық салу объектілерін тексеруге, олар үшін салық төлеуге, БЖТ төлеуге, көлік салығын, ЖТС, өсімпұлды есептеу калькуляторларын пайдалануға, сондай-ақ, жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарымен танысуға болады.

Бүгін "e-Salyq Azamat" сервистері арқылы 2020 жылға жеке тұлғалардың жер мен мүлкіне есептелген салық сомасын білуге және төлем жүргізуге болады. Есептелген салықтар туралы хабарламаны күтудің қажеті жоқ.

"e-Salyq Azamat" салықтарды төлеу кезіндегі қателіктерді, мемлекеттік кірістер органдарына, ХҚКО-ға бару үшін уақыт шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

"E-salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.

Мобильді қосымшаны ЖСН, пароль, жылдам қолжетімділік коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіру арқылы баптауға болады.

Сондай-ақ сіздің екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, салық төлеушінің кабинетінде, МКК порталында, "Электрондық үкімет"порталында дайын деректемелер бойынша салықтық және әлеуметтік төлемдерді тексеру және төлеу мүмкіндігіңіз бар.

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді онлайн төлеу, соның ішінде "E-Salyq Azamat"арқылы төлеңіз.

Уақытыңызды үнемдеңіз, елді цифрландыру бағдарламасын іске асыруға қосылыңыз.