Жарияланған күні: 29.11.2019 09:41
Өзгертілген күні: 29.11.2019 09:43

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI  Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС)  төлеушілер, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер, импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер шот-фактураны жазып беруге міндетті.

Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес, шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда есеп айырысулары сатып алушыға БКМ чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы, төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген, және есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген жағдайларда талап етілмейді.

Бұл ретте, Салық кодексінің 412-бабы 14-тармағының бірінші абзацына сәйкес, осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілетін жері бойынша жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 413-бабы 2-тармағының сәйкес, салық кодексінің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналымды жасау күні немесе одан кейін, бірақ салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

Салық кодексінің 48-бабы 2-тармағының сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Осы баптың 4, 5, 6 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 412-бабы 3-тармағының сәйкес, Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.

Электрондық шот-фактураны (бұдан әрі - ЭШФ) жазып беру тәртібі мен нысаны «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдағы № 370 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағида) аңықталған.

Қағиданың 89-тармағына сәйкес тауарларды, тізімге енгізілген жеке тұлғаларға тауарларды сату кезінде мынадай есептер жүзеге асырылады:

1) қолма-қол ақшамен бақылау-кассалық машинаның чегін бере отырып және (немесе) қызметті төлем терминалдары арқылы;

2) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған жабдықты (құрылғыны) пайдалану арқылы;

3) электрондық ақша немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып.

Шот-фактураларды электронды нысанда жазып беру осы Қағиданың 90-тармағына сәйкес жүргізіледі.

Қағиданың 91-тармағына сәйкес тауарларды, осы Қағиданың 90-тармағының ережелері, өз қызметкерлеріне бухгалтерлік есептегі негізгі қаражат ретінде бұрын тіркелген тауарлардың жалақысы есебінен сатылған кезде де қолданылады. Бұл ретте осы тармақтың ережелері Тізімге енгізілген және Тізімге кірмейтін тауарларға қолданылады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, салық төлеуші жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе  Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, Тізімге кірмеген тауарларды өткізген кезде, Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағының шарттарын сақтай отырып, шот-фактураны жазып бермеуге құқылы.

Бұл ретте, сатушы жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, Тізімге кірген тауарларды өткізген кезде, Салық кодексінің 412-бабының 13-тармағының шарттарын сақталсада, шот-фактураны жазып беруге құқылы.

Сонымен бірге, егерде жұмыс беруші өзінің жұмысшыларына еңбекақы есесіне, бұдан алды Тізімге еңген немесе Тізімге  еңбеген, бухгалтерлік есепте негізгі құралдар ретінде танылған, тауарды өткізген жағдайда жалпы шот-фактура жазылып беріледі.