Жарияланған күні: 01.06.2022 18:21
Өзгертілген күні: 01.06.2022 18:22

Жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға

 

Жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға өздерінің конституциялық борышы - мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемелерін орындау туралы есте сақтау қажет екенін хабарлайды.

Ең алдымен, оларға ЖК ретінде тіркелу қажет, ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу орны бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсыну қажет. Белгіленген нысан бойынша хабарлама "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште беріледі.

Жеке тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:
- Патент негізінде АСР қолданатын ЖК.
- "Esalyq-Business"арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК.
- Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК
- ЖК жалпы белгіленген режимде.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексінің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу Жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде -30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленеді.