Жарияланған күні: 31.12.2019 15:03
Өзгертілген күні: 31.12.2019 15:04

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 57-3-бабымен бекітілген, салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан мерзімінде 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дербес шотында болған бересі сомасын төлеген жағдайда, салық берешегі деп танылмайды және бюджетке енгізілмейді, сонымен қатар уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен есептен шығаруға жатады:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;   

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 829 бұйрығымен «Жеке шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (бұдан әрі – Жеке шоттарды жүргізу қағидалары), 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бересі, өсімпұл және айыппұл сомаларын айқындау тәртібі көзделген, Заңның 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында толықтырулар енгізілген.

Сонымен, жеке шоттарды жүргізу қағидалары 33-1 тармағымен толықтырылған, осыған сәйкес Заңның 57-1-бабының ережелерін қолдану мақсатында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген:

1. «Есептелген» деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, «Төлем  мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;

2. «Есептелген өсімпұл» деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, «Төлем мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген; 

3. қосымша салықтық есебі бойынша уақытылы төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем үшін есептелген, «Төлем мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін  төлем мерзімі көрсетілген, «Есептелген өсімпұл» деген бағанда көрсетілген  және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төленбеген.

4. «Есептелген айыппұл» деген бағанда тексеру нәтижесі бойынша қосылған, «Есептелген» деген бағанда есептелген салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем салық төлеушінің жеке шотында көрсетілген, «Төлем мерзімі» деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген сома айқындалады.

Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына жоғарыда көрсетілген қосымшаларды енгізу, Заңның Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы ережелері салық тексеру нәтижесінде салық және басқа да міндетті төлемдер 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салық мерзіміне есептелген, бірақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шағымдауға немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне сәйкес 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешек жоқ болған салық төлеушілерге қолданылсын.

Бұдан басқа, жеке шоттарды жүргізу қағидаларына қосымшалар енгізуге сәйкес салық рақымшылығы 2018 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі салықтық кезеңіне қосымша салықтық есепті тапсырған салық төлеушілерге жүргізіледі.

Қосымша салықтық есеп бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайтынына назар аударамыз.

1-ші мысал. Салық тексеру нәтижесінде салық төлеушіге 2017 жылға корпоративті табыс салығы бойынша 100,0 мың теңге және 500,0 мың теңге сомасына өсімпұл есептелінген, сонымен қатар әкімшілік айыппұл 200,0 мың теңге сомасына салынған. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама 2018 жылғы 25 қыркүйекте тапсырылған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне сәйкес бересі жоқ. Тексеру актісі бойынша салық берешегі 2018 жылғы 7 қарашада пайда болды, бұл ретте бересі сомасы 2018 жылғы 1 желтоқсанда өтелген. Бұл жағдайда бересі соммасын өтегенге дейінгі есептелген өсімпұл сомасы, сонымен қатар айыппұл сомасы есептен шығаруға жатады.

2-ші мысал. Салық тексеру нәтижесінде салық төлеушіге 2017 жылға қосылған құн салығы бойынша 1000,0 мың теңге және 500,0 мың теңге сомасына өсімпұл есептелінген, сонымен қатар әкімшілік айыппұл 200,0 мың теңге сомасына салынған. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама 2018 жылғы 5 шілдеде тапсырылған, оны салық төлеушімен сотта шағымдалған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалуына сәйкес бересі жоқ. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағымдалуының нәтижесі бойынша, сонымен қатар әкімшілік жаза қолдану туралы  қаулы күшінде қалды, осыған орай салық төлеушіде 2019 жылғы 1 сәуірде салық берешегі пайда болды. Бұл ретте бересі сомасы 2019 жылғы 1 маусымда өтелген. Бұл жағдайда бересі соммасын өтегенге дейінгі есептелген өсімпұл сомасы, сонымен қатар айыппұл сомасы есептен шығаруға жатады.

3-ші мысал. Салық төлеушімен 2016 жылдың 4 тоқсанына қосылған құн салығы бойынша 2019 жылғы 1 сәуірде 1000,0 мың теңге сомасына есептелген қосымша салықтық есеп тапсырылған. Пайда болған бересі соммасы салық төлеушімен  2019 жылғы 1 қыркүйекте өтелген. Бұл жағдайда көрсетілген бересі сомасына төленген күнге дейінгі есептелген өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатады.

4-ші мысал. Салық төлеушімен 2016 жылға корпоративті табыс салығы бойынша 2019 жылғы 1 сәуірде 1000,0 мың теңге сомасына есептелген қосымша салықтық есеп тапсырылған. Пайда болған бересі соммасы салық төлеушімен  2019 жылғы 15 сәуірде өтелген. Бұл жағдайда көрсетілген бересі сомасына төленген күнге дейінгі есептелген өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатпайды.