Жарияланған күні: 17.05.2016 18:45
Өзгертілген күні: 17.05.2016 18:46

Жеке пайдалануға арналған тауарлардың бажсыз нормаларын төмендету белгіленген.

 

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Беларусь Республикасында 2016 жылғы 11 ақпанда «Беларусь Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Беларусь Республикасы Президентінің № 40 Жарлығы қабылданғаның хабарлайды, оның қағидалары жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері және тасымалдаушылармен жеткізілетін тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін белгілейді (2016 жылғы 14 сәуірде күшіне енді).

Жарлықпен бір алушыға күнтізбелік ай ішінде халықаралық почта жөнелтілімдерінде және (немесе) экспресс-жүктерде жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың бажсыз нормаларын 200 евро және 31 кг-дан 22 евро және 10 кг-ға дейін төмендету белгіленген.

Сондай-ақ Жарлықта үш айда 1 реттен аса тауарларды әкелу жағдайында құны 300 евро және (немесе) салмағы 20 кг асатын тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтыны белгіленген. Бұл ретте тауарлардың 1500 евро және 50 кг бажсыз нормалары күшінде болады.

Жарлықтың қағидалары коммерциялық мақсатта әкелу тәуекелі төмен, мәселен:

әуе көлігімен әкелінетін;

бұрын әкетілген және жеке тұлғалармен кейін әкелінетін (оларды әкетудің құжаттық растау жағдайында);

дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер және басқа халықаралық ұйымдардың қызметкерлерімен әкелінетін тауарларға қатысты қолданылмайды.

Бұл ретте, Жарлық қағидалары сондай-ақ, егер құны және салмағы 1500 евро және 50 кг аспаса азаматтармен бұрын кедендік аумақтан тыс әкетілген және қайта құжаттық растаусыз өзгермеген күйде әкелінетін қолданыста болған тауарларға қолданылмайды (мысалы, ұялы телефондар, фотоаппараттар, планшеттер, ноутбуктар және т.б.).

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басқа жеке тұлғалары жоғарыда аталған нормалардан асырып ЕАЭО кедендік шекарасының беларусь учаскесі арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу жағдайында Беларусь Республикасы кеден органдарымен бұндай тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын болады.  

Осыған байланысты бұндай тауарларға қатысты межелі кеден органында белгіленген тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау қажет.