Жарияланған күні: 05.07.2024 09:18
Өзгертілген күні: 05.07.2024 09:24

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегі бойынша ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімінің қолданылу мерзімі аяқталды.

Еске салса кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 94 шешімі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» шешімімен көзделген жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің ұлғайтылған шегінің қолданысын ұзартқан болатын.

Осыған орай, 2024 жылғы 1 сәуірден бастап бажсыз әкелу шегі өзінің бұрынғы деңгейіне оралды, яғни:

- алып жүретін немесе алып жүрмейтін багажда әуе немесе жаяу тәртіптен басқа көлік түрлерімен әкелінетін тауарлар үшін – құны 500 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) салмағы 25 кг аспайды;

- тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтілетін тауарлар үшін-құны 200 еуроға баламалы сомадан аспайды және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспайды.

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаменті