Жарияланған күні: 08.01.2019 17:45
Өзгертілген күні: 08.01.2019 17:48

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады ЕАЭО Кеңесінің 20.12.2017 ж. № 107 «Жеке қолдануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» шешіміне сәйкес, 2019 жылғы 01 қаңтардан баж салығының төленуінсіз салмағы 50 кг дейін және жалпы құны 1000 еуродан аспайтын тауарлар кіргізуге болады. Болашақта әуе көлігінен басқа, көліктің басқа бір түрімен шығарып салынатын багажда тасымалданатын тауардың баж салығының төленуінсіз салмақтық және құндық лимиті кезең-кезеңмен азайтылады. 
Сонымен лимиттер 2020 жылғы 01 қаңтардан 750 еуро және 35 кг. 2021 жылғы 01 қаңтардан үшінші елдерден тауардың баж салығының төленуінсіз салмағы 25 кг аспайтын және жалпы құны 500 еуродан аспайтын тауарлар кіргізуге болады.
Әуекөлігімен шығарып салынатын багажда тасымалданатын ЕАЭО аумағына кіргізілетін тауарларға өзгерістер енгізілген жоқ, бұндай жағдайда жеке тұлға ЕАЭО аумағына баж салығының төленуінсіз салмағы 50 кг аспайтын және жалпы құны 10000 еуроға дейін тауар кіргізуге болады. 
Тасымалдау нормасының кезең-кезеңмен азайтылу концепциясына сатып алушыға шетелден тауар халықаралық пошта жолдаушы арқылы және тасымалдаушы арқылы, оның ішінде шетелдік интернет-магазиннен сатылып алынған тауарлар енгізілді. 
2019 жылғы 01 қаңтардан 1 күнтізбелік ай ішінде баж салығының төленуінсіз салмағы 31 кг аспайтын және жалпы құны 500 еуроға дейін тауар кіргізуге болады. 
2020 жылғы 01 қаңтардан баж салығының төленуінсіз тасымалдау нормасы салмағы 31 кг аспайтын және жалпы құны 200 еуроға дейін кемиді. 
Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген тауарлардың ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тасымалдану саны есептелмейді. 
Бұдан басқа, баж салығының төленуінсіз тасымалдау нормасымен қоса, 2020 жылғы 01 қантардан тасымалдау нормасынан артқан жағдайда кедендік баж көлемі едәуір азайады. Егер 2019 жылда тасымалдау нормасынан асқан жағдайда құнның 30 % төлеу керек болса, 2020 жылы аталмыш сома - 15 % құрайды, бірақ артық салмақтың 1 кг 2 еуродан кем емес.