
Мемлекет басшысы 15.07.2025 жылы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялау бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясы бойынша
Салық кодексінің 630-бабы (қолданысқа 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі):
1) ҚР заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік (талап ету) құқығында мынадай мүлік:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
инвестициялық алтын;
ҚР шегінен жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
базалық актив эмитенттері ҚР аумағында тіркелген бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, эмитенттері ҚР шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
ҚР шегінен тыс жерлердегі зияткерлік меншік, авторлық құқық объектісі;
ҚР шегінен тыс жерлердегі басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
ҚР бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы құны болған кезде бірлігіне құны 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын басқа да мүлік;
3) цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсынуға міндетті.
бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдарға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсыну міндетін белгілейтін 4 –тармақ алып тасталды.
Салық кодексінің 630-бабы 2-тармағының жаңа редакциясына сәйкес кәмелетке толмаған адамдарға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсыну туралы міндетті белгілейтін 5-тармақ алып тасталды.
Активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынбаған кезде салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүргізу кезінде декларацияны ұсыну міндеттемесі немесе құқығы туындаған жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша уәкілетті органдардан, үшінші тұлғалардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мүлік (активтер) және міндеттемелер туралы мәліметтерді уәкілетті орган жеке тұлғаның веб-қосымшасында жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктері, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктері;
есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттардағы ақша қалдықтары;
есепті күнтізбелік жылда алынған кірістері бойынша мәліметтері орналастыруын және мәліметерді пайдалануын көздейтін.
Кірістер мен мүлік туралы декларациясы бойынша
Салық кодексінің 633-бабы (қолданысқа 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі):
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық портфельді басқарушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлік қоғам акцияларының 10 пайыздан астамын иеленетін акционерлер, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңінде жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кіріс алған тұлғалар;
6) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада Қазақстан Республикасынан тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар тұлғалар;
7) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар;
8) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
9) есепті салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) одан тыс жерлерде құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;
мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;
заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін;
бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүзеге асырылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін;
инвестициялық алтынды сатып алған тұлғалар;
10) салық агентіне алдын-ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш білдірген тұлғалар кірістер мен мүлік декларациясын ұсынуға міндеттеледі.