
Жалпыға бірдей декларация
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен көшкенін еске салады.
Бірінші сатыда – 2021 жылдың 01 қаңтарынан жалпыға бірдей декларациялау аясында декларацияны ұсынады:
Жауапты мемлекеттік лауазым тұғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлғалар, және олардың жұбайлары;
Екінші сатыда – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін және олардың жұбайлары, сонымен қатар квазимемлекеттік секторының және олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Үшінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылар және заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайлары үшін декларациялау;
Төртінші сатыда – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған категорияларын декларациялау.