
Covid-19 вирусы ауа арқылы тарайды. Вирус жұқтырған адамның жөтелуі, түшкіруі және тіпті әдеттегі тыныс алуы вирустың таралуына себеп болуы мүмкін. Науқастың жанында болу вирусты жұқтыруға жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау қажет, олардың ең тиімдісі – вакцинация.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы вакцинациялау қажеттілігіне жауапкершілікпен қарады. Оның үстіне жұмыс барысында салық төлеушілермен тікелей байланыста болады.
Осы мәселенің маңыздылығына байланысты Департамент қызметкерлерінің 100 пайызы коронавирусқа қарсы егілді. Тек осындай шаралар ғана вирустан қорғай алады.