Жарияланған күні: 07.08.2017 18:51
Өзгертілген күні: 10.08.2017 18:53

 

 

«Ұлытау»  ҚР кеден бекетінде ірі СЭҚҚ кездесу өтті

 

 

Күн тәртібіне қойылған сұрақтар бойынша «Ұлытау» кеден бекетінің басшысы Сауқымов А.А. келген қонақтар мен кеден бекетінің  жеке құрамына СЭҚҚ назарына ҚР  «Кеден ісі туралы» Кодексінің 11 тарауының келесі ережелерімен таныстырды:  

-                     Тауарларлардың кедендік құны;

-                     Кедкендік құн туралы жалпы ережелері;

-                     Кеден одағының кедендік аумығынан әкелінетін тауарладың кедендік құнын айқындау;

-                     Кеден одағының кедендік аумығына әкелінетін тауарладың кедендік құнын айқындау;

-                     Әкелінетін тауарладың кедендік құнын айқындау әдістері;

-                     Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдіс;

-                     Қосымша есепке алу;

         СЭҚҚ арасында Астана-1 АЖ пилотына қатысуға насихат жүргізілді, және оны қолданудың артықшылықтары туралы жеткізілді.

                   Осыған байланысты кәсіби адалдық деңгейін көтеру және шағымдарды қарастыру тәртібін жетілдіру, ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту үшін СЭҚ қатысушыларымен кері байланыс жасау және бүкпесіздікті жоғарылату мақсатында қаулы етілді:

         Айына 1 рет кездесу кестесіне сай ірі бизнесті шақыру. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде туындайтын сұрақтар бойынша ірі кәсіпорындарға білікті көмек көрсету үшін «Ұлытау» к/б қызметкерлері қатарынан білікті тұлғалар бекітілді.

         Ірі кәсіпорындарға бару жоспарланды: кәсіпорын қызметімен танысу, тауарларды кедендік декларациялау сұрақтары бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, сонымен бірге тауарларды жіктеуге қатысты, тауарлардың кедендік құнын анықтау және т.б.

         Аталмыш тәжірибе кеден және кәсіпорын құрылымдарының арасындағы проблемалық қатынастарды кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді. Әрбір құрылымның алдына қойған мақсатына жету кезінде түсініспестік пен тосқауылды жойып, Серіктестік сипаттаға қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді. Осындай «дөңгелек үстел» аясында «қызмет көрсету мәдениетіне» жетілдіруге бағытталған потенциал деңгейін көтеру мүмкін болады.    Әрбір клиентке жеке тоқталуды, СЭҚ қатысушысы ісінің жағдайы туралы хабардар болуды, оның проблемасы мен қиындықтарына түсіністікпен қарауды қамтамасыз етеді.