Жарияланған күні: 23.08.2022 18:25
Өзгертілген күні: 23.08.2022 18:26

Уақытша әкелінетін көліктер бойынша

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Қазіргі уақытта Грузия мен Әзірбайжан Мемлекеттерінен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша кеден аумағына әкелу жиілеп кетуіне байланысты келесіні ескертеді.

ЕАЭО кеден аумағына мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркеуден тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын 1 жылдан аспайтын мерзімге әкелуіне рұқсат етіледі. Жеке пайдалануға арналған көлік құралын кеден аумағына келген шетел азаматы немесе оның сенімхат арқылы жақын туыстары тізгіндей алады. Қазақстан азаматы тиісті көлік құралын тізгіндеу үшін көлік иесінен сенімхат ала отырып, тиісті кедендік төлемдер жасауы міндетті. Сонымен қатар Абхаз және Оңтүстік Осетия Мемлекеттерінде тіркеудегі көлік құралдарыда осы тізімге жатады.

Егерде уақытша жеке пайдалануға әкелінген көлік құралы аталған мерзімінде ЕАЭО кеден аумағынан шығарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Осы аптадан бастап Қарағанды облысы бойынша Департамент Полициясымен бірлескен рейдттік іс-шаралар өтетінін жеткіземіз.