
ТІЖ рәсімдеу кезінде «Шағын сауда нүктесі» санатын қолдану
Құрметті салық төлеушілер!
Кәсіпкерлерден келіп түскен сұрақларға байланысты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ТІЖ ресімдеу кезінде «Шағын сауда нүктесі» санатын қолдануға қатысты хабарлайды.
«Шағын сауда нүктесі» санаты мынадай шарттар бойынша айқындалады:
· қызмет түрлеріне сәйкестігі (бөлшек сауда, ЭҚЖЖ сәйкес тамақ және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету, көтерме сауданың болмауы);
· онлайн БКМ болуы;
· салық төлеушінің ҚҚС төлеушісі болмауы;
· жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдану.
Егер сіздің компанияңыз «Шағын сауда нүктесі» санатына жататын болса, бірақ бұл белгі ЭШФ АЖ-да жоқ болса, онда сіз esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7(7172)72-78-72 телефон нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласып өтініш беруіңіз қажет.