
ТІЖ бойынша пилоттық жобаға өзгерістер
2022 жылдың 1 қарашасынан бастап ТІЖ пилоттық жобасында жазуы тиіс жаңа қатысушылар қосылды:
* тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА) аумағына әкелу, АЭА аумағынан тауарларды әкету және АЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар кезінде 2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;
* сұйытылған мұнай газы бойынша 2022 жылдың 1 қарашасынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін.
Бұл субъектілер:
* акцизделетін тауарларды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
* сұйытылған мұнай газын өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
* ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
* Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;
* ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
* ДСҰ және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) сұйытылған мұнай газын және (немесе) электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкетуді жүзеге асыратын; * ДСҰ алу тізбесінен тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
* электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазып беруге жататын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырушылар;
* АЭА аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;
* АЭА аумағынан тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;
* АЭА аумағында тауарларды өткізуді жүзеге асыратындар.
Енді СНТ ресімдеуге жатпайды:
1) сату нүктесі арқылы жүзеге асырылатын бөлшек сауда кезінде мынадай жағдайларда:
есеп айырысулар жүзеге асырылатын тауарларды сату кезінде:
* сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып және (немесе) қызметтерді төлеу терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен;
* төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып;
* есептеулері электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды сату кезінде.
Өзгерістер 2022 жылдың 22 қазанынан бастап енгізіледі.