
«Теміртау» кеден бекеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «Теміртау» кеден бекеті 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Тауарларды кедендік тазарту», «Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету».
Кеден бекетінде тауарларды кедендік тазартуды жүзеге асыратын СЭҚ-тің негізгі, ірі қатысушысы «Арселор Миттал Теміртау»АҚ болып табылады. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ үлесіне кеден бекетінде ресімделген тауарлардың барлық көлемінің 90% келеді. «Бірге» жалпыұлттық акциясының және Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында, кедендік тазарту «АСТАНА-1» АЖ көмегімен электронды декларациялау жолымен жүзеге асырылады. Online декларация сыртқы экономикалық қатысушылар мен қызметке тауарларды кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның тікелей байланысын болдырмайды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Қазіргі уақытта тауарларға 90% декларациялар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуысыз, жүйемен автоматты түрде шығарылады. «АСТАНА-1» АЖ жұмыс сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін қаржылық және уақытша шығындарды қысқартуға жағдай жасайды.
Бүгінгі күнде 2019 жылы «Теміртау» кеден бекетінде «АСТАНА-1» АЖ бағдарламасында 3133 «Экспорт» кеден рәсімінде тауарлар декларациясы шығарылған және 1232 «Ішкі тұтыну үшін шығару» кеден рәсімінде тауарларға арналған декларация шығарылды. Бюджетке 7187405473 теңге өндірілді.
«Бірге» жалпыұлттық акциясының және Президент тапсырмаларын орындау аясында, «Теміртау» кеден бекетіндегі мемлекеттік қызметтер сапалы түрде және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады.