
Темекі өнімдері мен алкоголь өнімдерін таңбалауды енгізу
2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекіге, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап темекі өнімдерінің басқа түрлеріне міндетті таңбалау енгізілді. Қазақстан аумағында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына әкелінетін барлық темекі цифрлық маркалармен таңбаланған. Сонымен бірге, салық заңнамасына сәйкес өндірушілердің шығындары амортизациялық төлемдер арқылы төленетін салықтан шегерілу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазір таңбаланған темекі өнімдері мен алкогольдік сусындар жаңа құбылыс емес. 20 жылдан астам уақыт бойы олар қағаз маркаларымен (акциздік маркалармен және бақылау маркаларымен) белгіленді. Ел тек акцизделетін өнімнің құнын төмендететін цифрлық форматқа көшуде.
Темекі өнімдерін сататын бөлшек саудагерлерге, оның ішінде «үй жанындағы» дүкендерде сату үшін қымбат жабдықты сатып алудың қажеті жоқ. 2D сканерлерге балама болып табылатын «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын орнату жеткілікті.