
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.
Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.
ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:
- ТІЖ ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, ТIЖ-ның техникалық сипаттамасы: https://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;
- ТІЖ-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1.
ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login#!/ қол жетімді.