
Тауарларға ілеспе шот-фактураларды тіркеуге арналған пилоттық жоба
2020 жылғы 1 қарашадан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
ТІЖ шығару бойынша міндеттеме барлық салық төлеушілерге (тауарларды өткізетін, әкелетін және әкететін), олардың ұйымдастырушылық нысанына (ЖК, ЖШС) қарамастан жүктелген және келесі жағдайларда туындайды:
|
ТІЖ ресімдеу |
Шығару мерзімдері |
1 |
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша акцизделетін тауарларды өткізу, ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды және акцизделетін тауарларды сату кезінде (бөлшек сауданы қоспағанда) |
тауарларды өткізу, сату басталғаннан кешіктірмей
|
2 |
электрондық шот-фактуралар Виртуалды қойма арқылы жазылатын тауарларды сату кезінде |
|
3 |
тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткенге дейін |
4 |
ДСҰ-ны алып қою тізбесінен тауарларды, электрондық шот-фактуралар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына Виртуалды қойма арқылы жазып берілетін тауарларды әкету кезінде |
тауарларды өткізу, өткізу басталғаннан кешіктірмей
|
5 |
тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде |
|
6 |
мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті сату кезінде |
|
7 |
алтын құрамды өнімді сату кезінде |
ай сайын, сату айынан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік "тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай – ақ ресімдеу қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес ТІЖ міндетті түрде енгізу мерзімінен кейін басталады.
Қарағанды облысы бойынша МКД