Жарияланған күні: 11.09.2019 14:57
Өзгертілген күні: 11.09.2019 14:58

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің әзірлеушілеріне «Тауарларды сақтау құжаты (ТСҚ)» модулі жетілдірілді. Осыған орай, тауарларды уақытша орналастыру кезінде орындалатын қадамдық амалдар, ҚР ҚМ МКК веб-сайтында ТСҚ пайдаланушының басшылығында орналастырылғанын хабарлаймыз. 

Аталған модульді барлық ауқымда пайдалану уақытша сақтау қоймасына орналастырылған тауарларға жүргізілген кедендік тазалауды, тауарларлық декларацияның нөмерін көрсете отырып, бақылаудан алуға мүмкіндік береді. Аталған шара сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылар мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен тікелей қарым-қатынасты азайтады, бұл антикоррупциялық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізеді.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрақтары туындаған жағдайда, Қарағанды қ., Б. Хмельницкого көшесі, 14, тел. 567887 мекенжайы бойынша Кедендік әкімшілендіру басқармасына өтініш білдіруге болады.