
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
1998 жылдың қыркуйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен мемлекеттік қызметі істері жөніндегі Агенттік құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған түлғаларды мемлекеттік қызметіне қабылдауды болдырмауға байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары бекітілген және мемлекеттік қызметшілерге жаза тағайындау тәртібі анықталған.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және болдырмау мақсаты мемлекеттік саясат туралы көптеген құжаттарында, сондай-ақ Президенттің жыл сайынғы жолодауында бекітілген. Бұл бірқатар маңызды реформаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.
Біз, қазақстандықтар, тек барлық күшімізді біріктіріп, әлеуметтік құқық бұзушылық – сыбайлас жемқорлықты жеңе аламыз.
Қазыбек би ауданы бойынша МКБ