Жарияланған күні: 05.06.2023 10:48
Өзгертілген күні: 05.06.2023 10:53

Сыбайлам жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2023 жылғы 9 маусымда сағат 15:00-де Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 3, мекенжайы бойынша акт залында кедендік және салықтық әкімшілендіру салаларындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелерінің жекелеген қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелерін көпшілік алдында талқылауды өткізетін болады.

Қатысуға ниет білдірушілерді 8(7212)-565595 телефоны бойынша алдын ала тіркелуін немесе Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 3, 313 кабинетке Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеу бөліміне хабарлауын сұраймыз.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріну ықтималдығын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға және кейіннен жоюға, Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңызға, байланысты!