Жарияланған күні: 04.10.2021 12:16
Өзгертілген күні: 04.10.2021 12:08

Сoronavirus2020.kz сайты бойынша

Сoronavirus2020.kz сайтында, сондай-ақ coronavirus2020.kz телеграм-каналында  короновирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі жаңалықтар мен  өзге де пайдалы мәліметтерді, ҚР Үкіметінің қолға алған шаралары, вакцинация т.б. мәселелер ұсынылды

            Ресурста күнделікті негізде мынадай мәліметтер жарияланады:

            - КВИ бойынша күнделікті статистика, ҚР ДСМ, ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес аөпаратты жинау/өңдеу/жариялау;

            - вакцинация, ауруханадағы төсек-орын қорының  толуы бойынша көрнекі графика; 

            - «Ресми ақпарат», «Фейктер мен фактчекинг», «Вакцинация», «Қазақстан жаңалықтары», «Әлем жаңалықтары» айдарлары бойынша жаңалықтар;

            - ҚР Үкіметі/Ведомствоаралық комиссияның COVID-19 таралуына жол бермеу бойынша жиналыстарына ақпараттық қолдау, ҚР ДСМ және басқа меморгандар/квазимемлекеттік сектордың  брифингілерінен онлайн-трансляция;

            - Ведомствоаралық комиссия шешімдері мен барлық өңірлер бойынша бас санитарлық  дәрігерлердің қаулыларын жариялау;

            - COVID-19 өзекті тақырыптары бойынша танымдық контент орналастыру;

            - Азаматтардан келіп түскен өтініштерді өңдеу, жауаптарын жариялау.