
Шекара арқылы қолма-қол валютаны өткізу туралы
Шекарада түрлі кездейсоқ жайттарға тап болмау үшін, шекара өту кезіндегі нормаларды білу қажет. Қазақстан Республикасы және ЕАЭО елдері кеден заңнамаларының шарттарын сақтаған тұста, ұлттық және шетел валютаның кіруін және әкетілімін, сондай-ақ құжатнамалық бағалы қағаздарды және төлеу құжаттарды, резидент пен бейрезиденттер үшін еш шектеусіз, кедергісіз іске асырылады.
Жеке тұлғалар кедендік рәсімдеусіз қолма-қол ұлттық және шетел қаражатын, (асыл металдардан соғылған мәнеттен (шақадан) тыс) сонымен қатар, жол-жүру түбіртектері жалпы сомасы тең немесе он мың АҚШ долларын құрап, одан аспаған тұста оны әкелуге немесе әкетуге құқығы бар.
Он мың АҚШ долларынан асқан жағдайда ол міндетті түрде кедендік рәсімдеуге жатады. Тек, ЕАЭО елдері кедендік аумағында немесе оның құрамдас бөлігі бар елдерге кіруі және әкетілімі жатпайды.
Кедендік рәсімдеу – кедендік мағлұмдаманы жазбаша толтырып ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Онда қаражат пен жол-жүру түбіртектерінің шығуы мен неге арналғанын көрсету керек.
Шекара арқылы өткізілетін қолма-қол ақшаның тәртібін есте сақтау қажет:
1. Егер Сіздер ЕАЭО елдеріне жол жүретін болсаңдар, шетел қаражатының кіруі мен әкетіліміне ешқандай шектеу жоқ. Сіздер тек қана шекара бақылауынан өтесіздер.
2. Егер Сіз басқа елге ЕАЭО шекарасы арқылы осы 5 ел арқылы өтетін болсаңыздар,- олар Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей шекаралары арқылы, осы тұста Сіз жеке тұлғалардың Кеден шекарасы арқылы өту тәртібінің Келісімшартына сәйкес, он мың АҚШ долларынан асқан жағдайда ол міндетті түрде кедендік рәсімдеуге жатады. Кедендік мағлұмдама жазбаша толтырылады.
3. Халықаралық төлеу карточкаларының тиімділігі – онда қанша қаражат болса да, оны рәсімдеудің қажеті жоқ.
4. Әр елдің валютаны әкелу мен әкетілімінің тәртібі әр түрлі. Сол себепті, бара жатқан елдің, валюталық ережесімен алдын-ала танысқан абзал.
Жеке тұлғалардың қолма-қол ақша құралдарын алып өту тәртібін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының «Тауарлардың, колма-қол ақша құралдарын, қаражат құралдарын, кедендік құжаттарда шынайы емес кедендік рәсемдеу кезінде мағлұмдалмаған немесе қате мағлұмдалған » бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 551 бабының 3бөлімімен әкімшілік жауапкершілік, сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 234 бабы бойынша «Экономикалық контрабанда» қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, 2020 жылы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы ақша қаражатын тасымалдаудың жаңа ережелерін енгізумен ірі сомалардың шығу тегін растау қажет. Мәселен, жеке тұлға ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде өткізу кезінде 100 мың доллардан астам болған кезде жолаушылардың кедендік декларациясын берумен қатар, осындай қаражаттың шығу тегін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Құжаттар декларацияда мәлімделген ақша қаражаты мен құралдарының шығу тегі туралы мәліметтерді растауға тиіс.
Ұсынуға болатын құжаттар:
- конверсиялық операциялар жасау, шоттан ақша қаражатын алу, кредит алу кезінде кредиттік ұйымдар ресімдейтін құжаттар;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің жасалғанын растайтын құжаттар (мұрагерлік, сыйға тарту және басқалар).
Құжаттар ұсынылмаған кезде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы ақша тасымалдауға жол берілмейді.
Бұл шара терроризмді қаржыландыру немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін ақша қаражатының қозғалысын анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік береді.