«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес «шартты шығару» рәсіміне қатысты.
Кодекстің 208-бабының 5-тармағына сәйкес, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік- фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да түрлеріне жататын тауарлар мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылады.
Кодекстің 208-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органына берген кезден басталады және тауарларды шығарумен аяқталады.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, мемлекеттік бақылаудың тиісті түрлерін (санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік- фитосанитариялық) жүзеге асырғаннан кейін ғана тауарлар таңдалған кедендік рәсімдерге орналастырылуы мүмкін.
Бұдан басқа, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың біріне тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар, ішкі нарықты қорғау шаралары жатады.
Кодекстің 179-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар кедендік декларацияны беру кезінде декларантта болуға тиіс.
Осылайша, мемлекеттік бақылаудың тиісті түрлері кедендік декларацияны бергенге дейін жүзеге асырылып және қажеттілік кезінде кеден органдарымен құжаттамалық расталуы тиіс.
Сонымен бірге, шартты шығаруға оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтау 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін тауарларды орналастыруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның арасындағы бірлескен актіде тек техникалық реттеу бөлігінде ғана тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалған.
Демек, егер тыйым салулар мен шектеулерді (санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік- фитосанитариялық бақылау бөлігінде) белгіленген актілерде олады сақтауды растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған жағдайда, осындай тыйым салулар мен шектеулерді сақтау кедендік шекара арқылы тауарлардың өтуі кезінде расталады.
Тарифтік реттеу басқармасы