Жарияланған күні: 13.08.2024 12:36
Өзгертілген күні: 13.08.2024 12:38

2024 жылғы 2 тамызда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шахтинск қаласы бойынша МКБ басшысымен бірлесіп жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шара барысында декларациялау шеңберінде декларацияларды тапсыру мерзімдері мен тәсілдері бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ E-salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 250.00 ТНҚ ұсыну кезінде практикалық көмек көрсетілді