Жарияланған күні: 02.09.2022 09:02
Өзгертілген күні: 02.09.2022 09:03

СЭҚ қатысушылардың назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «уәкілетті экономикалық операторлар» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде өзін-өзі тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған http://eokno.gov.kz ("Онлайн оқыту" бөлімі). Кедендік тексеруді жүргізу күні туралы, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін өзін-өзі тіркеу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша Қарағанды ​​облысы бойынша кедендік әкімшілендіру басқармасының бас маманы Көпбаев Н.С., 8 (7212) 21-75-80 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71-70-70, zh.sekenov@kgd.gov.kz.