Жарияланған күні: 24.10.2019 18:40
Өзгертілген күні: 24.10.2019 18:42

Салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік бақылау нысандарының бірі камералдық бақылау болып табылады.

Департаментте мемлекеттік сатып алуға қатысатын салық төлеушілердің кәсіпкерлік қызметі тұрақты бақылауда. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша 2019 жылдың 9 айында 180 құжат бойынша 219,7 млн.теңге төленді.

2019 жылы жер қойнауын пайдаланушы-салық төлеушілердің ерекше санаты камералдық бақылау нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың 6 329,7 млн.теңге сомасында салық және арнайы төлемдері есептелді.

Ең ірі сомалар түскен

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-5 071,1 млн. тг.,

"Алтай Полиметалы"ЖШС-593,8 млн. тг.,

"Өркен" ЖШС-212,0 млн. тг.,

"ЖГОК"АҚ -83,8 млн. тг.,

Exim Artis ЖШС -51,7 млн.тг.,

ЖШС Недра Балхаш-24,3 млн. тг.,

"Сокур Көмір"ЖШС -9,4 млн. тг.,

"Ақтоғай Мыс"ЖШС -7,4 млн. тг.,

Балқаш Су КМК-5,9 млн. тг,

Аква-Трейдинг ЖШС-3,3 млн. тг.,

Әлеуметтік қауіпті құбылыс ретінде Департаментте жалған кәсіпкерлікпен күресу мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.Осы бағытта ағымдағы жылдың басынан бастап сенімсіз салық төлеушілер қызметінің жолын кесу шеңберінде 353 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жою бойынша жұмыс жүргізілді.- 362 млн. теңге есептелді,контрагенттердің атына 580 хабарлама жіберілді, 362 млн. теңге сомасында салық есептелді.110 заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу жойылды, оның нәтижелері бойынша 587 млн.теңге есептелген.Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы соттың 431 шешімі шығарылды, 889 млн.теңге сомасында салық есептелді.