
Салықтық әкімшілендіру мақсатында кез келген нысандағы дәрілік заттар айналымын қадағалаудың пилоттық жобасы жүргізіледі.
(ҚР ҚМ-нің 2020 ж. 8 қыркүйектегі № 833 бұйрығы (ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11.09.2020 ж. №21192 болып тіркелген) 2020 ж. 27 қыркүйегінен бастап күшіне енді.)
Пилоттық жобаның мерзімі 2021 ж. 1 шілдесіне дейін.
Осы пилоттық жоба заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе импортталған кез келген нысандағы дәрілік заттарды сату кезінде СЭҚ ТН коды бойынша ЭШФ АЖ-ның «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактураларды шығару бойынша салық төлеушілердің міндетін көздейді.
Шот-фактураларды электронды түрде рәсімдеу тәртібі Салық кодексінің 412-бабымен, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларымен және оның нысандарымен реттелген.