2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еgov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз-ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды. Осыдан ертеректе «электрондық үкімет» порталында жеке тұлғалар үшін, салықтың үш түрін төлеу ғана қол жетімді болған: яғни бұлар мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы.
Egov.kz порталында төлеу жүргізу үшін, «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.
Одан басқа, «Салық төлеуші кабинеті», mgov.kz, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқа) төлеуге болады.
Сонымен қатар, қараша айында салықтарды төлеуге арналған жаңа online қызметі іске қосылды. Fastpay.kz сайтында жеке тұлғаларға арналған жаңа online қызметі ашылып, аталған сервистің көмегімен жеке тұлғалар келесі салықтар мен алымдарды комиссиясыз төлей алады:
* мүлік салығы;
* көлiк құралдарына салынатын салық;
* жер салығы;
* әкімшілік айыппұлдарды;
* мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік баж алымы
Ұлытау ауданы бойынша МКБ