
Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға және қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды ұлттық валютада мынадай тәртіппен:
тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша - осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;
жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша - тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген не электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіште алынған, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.
Осы қызметті алудың бірнеше тәсілі бар:
- "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы арқылы;
- "е-Salyq-Business"мобильді қосымшасы арқылы:
- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz;
- "салық төлеуші кабинеті"веб-қосымшасы арқылы;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы;
- мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары арқылы.
Қызметті алу үшін №15 белгіленген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет (ҚР Қаржы министрінің 2018 ж. 20.02. №160 бұйрығы).
Ақша қаражаты қайтарылған жағдайда, салықтық өтініштен басқа, оларды қайтару үшін негіз болып табылатын тиісті уәкілетті органның құжаты (сот шешімі немесе соманың талап етілмейтіндігі туралы анықтама) қоса берілетініне назар аударамыз. Сынақ жүргізу кезінде растайтын құжаттар талап етілмейді.
Салық төлеушінің банктік шотына қайтару немесе есепке жатқызуға жүргізу мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.