Жарияланған күні: 01.08.2016 16:57
Өзгертілген күні: 02.08.2016 09:25

Нысандарын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы                       25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы жұмыста басшылыққа алу үшін хабарлайды.

200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 100.00, 150.00, 230.00, 300.00, 910.00, 920.00 нысандарын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салық төлеушілер үшін 2016 жылға арналған салық есептілігінің көрсетілген нысандарының жаңа үлгілеріне 2016 жылдың 5 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Бұйрық күшіне еңгізілгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылған салық есептілік нысандары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 584-бабына сәйкес тапсырылды деп саналады, өйткені тапсыру кезеңінде салық есептілігі нысаны өкілетті орган бекіткен үлгіге сәйкес болғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Бұйрық күшіне енгеннен кейін (шамамен 5 тамыздан кейін) салықтық міндеттемені орындағанда, жаңа үлгідегі салық есептілігі        2016 жылғы 2 тоқсанға салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілер тапсырады, сол себептен аталған міндеттеме салық есептілігін тапсырып қойған салық төлеушілерге таратылмайды.