Жарияланған күні: 25.10.2018 18:37
Өзгертілген күні: 25.10.2018 18:40

           Салықтық  және өзгеде міндетті төлемдер бойынша берешек соманы өндіру мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (әрі қарай – Салық кодексі) көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен  шаралары қолданылатын қарастырылған.

          Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі, салық төлеушінің мүлкіне  билік етуін шектеу  қою және оны электронды аукцион арқылы сатылуы болып табылады.

           Бұл ретте, Салық кодексінің 120 бабына сәйкес, салық төлеушінің меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі және (немесе) оның балансында тұрған мүліктер жатады.

          Сонымен қатар,  жеке кәсіпкерлердің берешек сомаларын өндіру барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 40 бабына сәйкес, борышкерлер өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, өзiнің барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болып табылады, яғни  жеке кәсіпкерлер  өз жеке мүліктерімен жаупты болып табылады.

          Бұл ретте, егер ерлi-зайыптылардың тіркелген мүлкісі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 33 бабына сәйкес, (ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады) Мемлекеттік кірістер органдары ерлі-зайыптылардың мүліктерінен борышкердің үлесін бөлу туралы сотқа жүгінуге құқылы, яғни олардың  меншігінде тіркелген жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктері есебінен берешек сомалары өндірілуі қарастырылған.

           Құрметті салық төлеушілер! Жоғарыда көрсетілген кедергілерге тап болмау үшін, өздеріңізге жүктелген салықтық міндеттеріңізді уақытылы және толық орындауларыңызды  шақырамыз!

 Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы