
Салық күнтізбесі
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, еске салады:
2023 жылғы 15 мамырда 2023 жылғы 1 тоқсандағы салық есептілігінің мынадай нысандарын беру мерзімі аяқталады:
◾101.03, 101.04 н. - резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;
◾200.00 н. – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
◾300.00 н. – Қосылған құн салығы бойынша декларация;
◾400.00, 421.00 н. - акциздер бойынша декларация + құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеу;
◾701.01 н. - 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2023 жылға арналған жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;
◾870.00 н. - 2023 жылғы 1 тоқсандағы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (төлем көлемі жылдық жиынтық көлемде 100 АЕК және одан көп төлеушілер үшін ластану объектілері бойынша, ластанудың жылжымалы көздері бойынша);
◾880.00 н. - цифрлық майнинг бойынша декларация