
Салық есептілігін тапсыру мерзімі бойынша ескерту
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі салық есептіліктерін тапсыру мерзімдері келе жатқанын еске салады.
20-шілдеге дейін тапсыру қажет:
- 328.00 СЕН - Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш.
15-тамызға дейін тапсыру қажет:
- 101.03 СЕН - Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;
- 101.04 СЕН - Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;
- 200.00 СЕН - ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 300.00 СЕН - Қосылған құн салығы бойынша декларация;
- 400.00 СЕН - Акциз бойынша декларация;
- 421.00 СЕН - Құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеу;
- 570.00 СЕН - Экспортқа рента салығы бойынша декларация;
- 590.00 СЕН - Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
- 710.00 СЕН - Ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
- 860.00 СЕН - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
- 870.00 СЕН - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация;
- 910.00 СЕН - Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация;
- 913.00 СЕН - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.
21-тамызға дейін тапсыру қажет:
- 328.00 СЕН - Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш.
Сондай-ақ, салық төлеушілердің 2023 жылға арналған салық есептілігін ұсыну бойынша салық міндеттемесінің уақтылы орындалуы және ақпараттық жүйелердің жүктелу проблемаларын болдырмау мақсатында есептілікті алдын ала ұсынуды сұраймыз!