Жарияланған күні: 01.03.2021 15:57
Өзгертілген күні: 01.03.2021 16:04

2021 жылы 1 қаңтардаң бастап салық есептілігін оңтайландыру мақсатында жанама салықтар бойынша декларацияны тапсыру қажеттілігі алынып тасталады (СЕН 320.00).

Салық кодексінің 428, 447, 455, 456, 458-баптарына толықтырулар мен өзгерістер еңгізілді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті (СЕН 328.00), салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына Салық кодексінің 456 бабы 2 тармағы 1) - 7 тармақшада көрсетілген  құжаттарды ұсынады.