
«Рухани Жаңғыру» - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
Рухани Жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих санасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани Жаңғыру» дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Олар: Бәсекелестік қабілет; Прагматизм; Ұлттық біргейлікті сақтау; Білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білеміз. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Сондықтан, барлығымыз күш сала отырып, ұлт көшбасшысының дара жолымен биік шыңдарға жетеиік.